Жаңалықтар тізбегі
0

1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылады

s.inkaragandy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 18:35 s.inkaragandy.kz
Мұндай шара ел азаматтарымен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін де қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылатынын айтты, деп хабарплайды zakon.kz.

Мұндай шара ел азаматтарымен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін де қажет.

"Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет", - деді Президент.

Мұндайда барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды.

"Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн. Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді. Ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын", - деді Мемлекет басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: