Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке ілік болған жайт: Қарт кісіге қол көтергендер сотталды

Әкелі-балалы Юнхуды сот кінәлі деп тапты.

Сурет : ҚР ІІМ30 Сәуір 2020, 12:42

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке ілік болған қарт кісінің денсаулығына зиян келтірді деп айыпталған әке мен бала ісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сотталушы 27 жастағы Марат Юнхуға бұзақылық жасап, адам денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деген айып тағылды. 60 жастағы Эрсман Юнху бұзақылық жасады деп айыпталды. Әкелі-балалыдан зәбір көрген Құдашбаевтар отбасы сотта зардап шегуші деп танылды. Бұл туралы сот залында жарияланған үкімде айтылды.

Жанжал 5 ақпанда Сортөбе ауылында болған. Тергеу келтірген мәліметке сүйенсек, кіші Юнху жолға шығып, ағасы жүк көлігімен ауласынан шығуы үшін көліктерді тоқтатқан.

Осы кезде 78 жастағы Төлеген Құдашбаев офтальмологқа қаралу үшін ауданға бет алған. Көлік рөлінде оның ұлы отырған. Жолға тұрып алған кіші Юнхудан олар жөн сұрағанда, ол дөрекі түрде жауап берген. Мұндай бассыздыққа шыдамаған көлік ішіндегілер сыртқа шығып, оған тап берген. Осылай төбелес басталған. Ұлдарына араша түсу үшін қария да көлігінен түскен. Осы кезде қария ішіне сілтеген аяқ тиіп, ол жолдың жиегінен ары қарай домалай құлап, жамбасын сындырған.

24 сәуірде сот Марат Юнхуды кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеу жазасын кесті. Оның әкесі де кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот әке мен баладан 3 миллион теңгеден астам моральдық шығын өндіруді, сол секілді сот шығындарын төлеуді міндеттеді.

ҚР Ішкі істер министрлігі екі отбасы арасындағы жолдағы жанжал Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке себеп болды деп санайды. 7 ақпанда сағат 19.00 шамасында Қордай ауданына қарасты ауылдың шетіне топтық төбелесті бастаған 70-ке жуық агрессивті жас жиналды. Жаппай төбелеске жалпы саны 300-ге жуық адам қатысты. Салдарынан 185 азамат жарақат алды, оның 34-і ауруханаға жеткізілді, 11 адам қайтыс болды. Сонымен қатар үйлер, коммерциялық нысандар мен көліктер өртенді. Кейіннен Жамбыл облысының бас полиция қызметкері, Қордай ауданының әкімі және Жамбыл облысының әкімі және оның орынбасары қызметінен босатылды.

Наурыз айының соңында тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқандарды ұстау үшін арнайы операция жүргізіліп, 25 адам ұсталды, олардың жетеуі бұрын сотты болғандар. Олар Алматыға әкелініп, екі айға қамауға алынды.

Бір күн бұрын, 29 сәуірде осы іске қатысты ұсталғандардың бірі - Бекбол Қибаевтың тергеу изоляторында қайтыс болғаны белгілі болды. Оны камераласы қол жуғыштың жанынан сол қолының білегі кесіліп, қансырап жатқан жерінен тапқан. Алдын ала болжам бойынша, ол көп қан жоғалтқандықтан қайтыс болған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер