Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Түркістан: Кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарын қолданатын болады

Одан бөлек, шағын және орта бизнестегі өнім көлемін ұлғайту бойынша жыл басынан бері атқарылған шаралар мен түйінді мәселелер талқыланып, оны оңтайлы шешу жолдары әңгіме арқауына айналды.

Сурет : Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі25 Сәуір 2020, 10:24

Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың төрағалығымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту» жөнінде жиын өтті.

Басқосуға облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері, облыстық кәсіпкерлік палатасы, «Қазақстан Ұлттық Банкі» (Екінші деңгейлі банктер), «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдарының басшылары қатысты.

Жиын барысында көлеңкелі бизнесті болдырмау шаралары кеңінен сөз болды. Облыс әкімінің орынбасары аталған мәселені шешудің алғы шарты ретінде кәсіпкерлерде бақылау-кассалық машиналарының болуы керектігін айтты. Ол үшін облыс бойынша кәсіпкерлерге интернет желісімен қамтылуы тиіс деді. Сондай-ақ, азаматтарды қолма-қол ақшасыз төлем аппараттарының көмегімен төлемдерді қабылдауға, электронды сауда бойынша азаматтарды оқыту мен жарнамалау мәселесі де назардан тыс қалмады.

Одан бөлек, шағын және орта бизнестегі өнім көлемін ұлғайту бойынша жыл басынан бері атқарылған шаралар мен түйінді мәселелер талқыланып, оны оңтайлы шешу жолдары әңгіме арқауына айналды.

Жиынды соңында М.Мырзалиев жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік кірістер департаменті және кәсіпкерлер палатасының жауапты мамандарына кәсіпкерлерде бақылау-кассалық машиналары болуын қадағалауды және осы шаруалардың атқарылуына кедергі келтіретін факторларды анықтап, оны шешуге нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, жалпы жыл басынан бері облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңге сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,9 пайызға (141020 бірлік) артқан. Шаруа немесе фермер қожалықтарының үлесі 16,2 пайызды (71198 бірлік), дара кәсіпкерлер 63,6 пайызды (61325 бірлік), шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 20,2 пайызды (8497 бірлік) құраған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер