Жаңалықтар тізбегі
0

"Қолма-қол ақшаны санаулы адамдар ғана төлейді":Кәсіпкерлер тауарлар ақысын қалай қабылдайтынын айтып берді

«Қолма-қол ақшаны санаулы адамдар ғана  төлейді» Кәсіпкерлер тауарлар ақысын қалай қабылдайтынын айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 14:27 Сурет: freepik
Биылғы жылы жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталып, кәсіпкерлердің кірісіне бақылауды күшейту шағын және орта бизнес өкілдері арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбір шағын дүкендер мен қызмет көрсету орындарының иелері салық төлемеу үшін "ақ" жұмыс істегісі келмейді.

Әйтсе де, заңды түрде жұмыс істеуді жөн санайтындар көп.

Тек қолма-қол емес

Zakon.kz төлем терминалы және QR арқылы қолма-қол ақшасыз төлеммен жұмыс істеуді қалайтын ШОБ өкілдері арасында сауалнама жүргізді. Көпшілігі мұның кәсіпорны үшін артықшылығы көп, тәуекелдері аз деп санайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 14:27

Сурет: freepik

Зергерлік бұйымдар мен әйелдер киімдері дүкенінің иесі Айжан Мұқашева бірнеше жылдан бері банк терминалын пайдаланып, QR төлем қабылдайтынын айтады.

"Біз үшін басты артықшылығы – банк терминалы кез келген банктің QR және карталарын қабылдайды. Оған қоса, бізде POS-терминал, онлайн-кассалық машина қосылған, барлық төлемдер үшін фискалдық түбіртектерді автоматты түрде шығарамыз, бұл өте ыңғайлы", - дейді кәсіпкер.

Сұхбаттасушымыз қазір қолма-қол ақша төлейтіндер санаулы екенін айтады. Келушілердің шамамен 90% төлем ақысын терминалдар немесе QR арқылы төлейді. "Сонымен қатар, біз барлық салықты қосымша арқылы төлейміз, салық басқармасына барудың, кезекке тұрудың, қағаз толтырудың және маман немесе есепші іздеудің қажеті жоқ. Қолданба арқылы барлығын тез және уақытында жасауға болады", - деп қосты ол.

Кәсіпкер мезгіл-мезгіл жеке кәсіпкеріне несие алып тұратынын айтты.

"Керек кезде бизнесті дамытуға несие аламыз. POS-терминал арқылы айналым неғұрлым көп болса, соғұрлым несиені тезірек жабамыз. Сондықтан барлық төлемдерді POS терминал арқылы қабылдауға тырысамыз", – дейді Айжан.

Қолма-қол ақша арқылы табысын жасыруды жоспарлаған бизнес иелері өздеріне зиянын тигізіп жатқанын ескеру керек. Кәсіпкерлер бір күні салық органдарына қолма-қол ақшасының қайдан келгенін түсіндіруге мәжбүр болады. Кірістің қайдан келгенін түсіндіру мүмкін болмаса, кәсіпкер 10% көлемінде жеке табыс салығын төлеуі керек. Алайда, егер салық органы сіздің кірісті жасырып жатқаныңызды анықтаса, онда салықтың орнына сізге жасырын салық салу объектісі бойынша төленетін салық сомасының 200% мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 14:27

Сурет: freepik

Әлбетте, салықты үнемдеуге ұмтылу заңды түрде салық төлеуден гөрі әлдеқайда үлкен проблемалар мен шығындарға толы.

Табысты жасырудың орнына, ыңғайлы

Қазіргі кезде тікелей банктік мобильді қосымшаларда жеке кәсіпкерлікті тіркеп, төлемдерді қабылдай аласыз. Іш киім дүкенінің сатушысы әрі ортақ иесі Сәуле Әбдірайымова осылай істеген.

"Мен жеке кәсіпкерлікті банктік қосымша арқылы тіркедім, маған ешқандай кеңес алудың қажеті де болмады, өйткені барлығы барынша қарапайым, түсінікті болды. Біз бизнеске арналған банктік қосымшалар арқылы терминалдар мен QR төлемдерін пайдалана бастадық. Бұл біз үшін де ыңғайлы, өйткені тауар ақысынан артылған ақшаны қайтару үшін қолма-қол ақша іздеудің керегі жоқ. Қолма-қол ақшаны пайдаланбайтын клиенттерге де ыңғайлы", дейді Сәуле Әбдірайымова.

Кәсіпкер әйел міндетті төлемдерді төлеу үшін кезекке тұрудың немесе бланкілерді толтырудың қажеті жоқтығын, өйткені мұның барлығын мобильді қосымша арқылы еш қиындықсыз есептеп, төлеуге болатынын атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 14:27

Сурет: freepik

Шағын азық-түлік дүкенінің иелері, кәсіпкерлер Айдын мен Жанар Төреғұловтар үш жыл бұрын "ескі әдіспен" жұмыс істегендерін мойындайды. Төлемдер негізінен қолма-қол ақшамен қабылданып, барлық есеп дәптерде жүргізілді. Содан кейін, мобильді аударымдардың танымал бола бастағаннан кейін олар төлемдерді банктік қосымшалар арқылы жеке шоттарына қабылдай бастады.

"Уақыт өте келе, мүмкіндік туып, жеке кәсіпкерлік үшін банктен арнайы есепшот аштық. Əрине, түрлі салықтарға шыдамай қаламыз ба деп қорқатынбыз. Бірақ қазір барлық төлемдерді негізінен POS-терминал арқылы қабылдаймыз. Біз оны қосымшаға тіркелгеннен кейін бір ай өткен соң алдық. Ешқандай проблемалар болған жоқ, өйткені дүкеннің айналымы жеткілікті және біз банктердің талаптарына жауап береміз. Әрине, бәрін қағаз бетіне түсіріп, содан кейін кірістер мен шығыстарды бірнеше рет қайта есептегеннен гөрі, осылай жұмыс істеу әлдеқайда ыңғайлы".

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 2 миллиард теңгеге дейінгі айналым үшін 2-ден 8%-ға дейін арнайы бөлшек салық бар. Бұл туралы бұған дейін толығырақ айтқан болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: