Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жасар бала өлі күйінде табылды

Facebook/Азамат Сарсенбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2020 17:05 Facebook/Азамат Сарсенбаев
Ол қараусыз жатқан септиктегі қоқыстар арасынан табылған.

Атырауда жоғалған 1,5 жастағы баланың денесі үй жанындағы септиктен табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үйдің жанындағы септиктен баланың мәйіті табылды ... Иманда Болсын! - деп жазды "Атырау су Арнасы" АҚ-тың баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Бала іздеуге ат салысқан белсенді Олжас Сұлтанов баланың қараусыз жатқан ескі септиктегі қоқыстар арасынан табылғанын айтты. Ол тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Еске сала кетсек, 20 мамырда түстен кейін 1,5 жасар сәби үйден шығып, із-түссіз жоғалған. Баланың есімі Әли еді, ол оң аяғынан ақсап жүретін. Баланы іздеуге полиция мен волонтерлер жаппай жұмылдырылды.

Бұдан кейін кешке жарияланған мақала: Атырауда өлі күйі табылған 1,5 жасар балаға қатысты тың мәлімет жарияланды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: