Алматы тауында жоғалып кеткен Әселдің өлі денесі табылды
Алматы тауларында былтыр жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қыздың денесі 31 мамырда БАО-дан жоғары, Космостанса ауданы маңынан табылды деп хабарлайды. Бұл туралы Республикалық жедел құтқару отряды хабарлады.
Полиция сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, 26 жастағы қыз 2019 жылдың 9 қарашасында жоғалып кетті. Ол жалғыз өзі Үлкен Алматы шыңына бет алды. Республикалық жедел құтқару отрядының құтқарушылары іздеуді келесі күні бастады, бірнеше күнгі жұмыс нәтиже бермеді.
Кең көлемді іздеу жұмыстар жүргізілді, Проходное шатқалы, Жусалы-Кезең асуы, Космостансадан Үлкен Алматы көліне және Үлкен Алматы көлінен Коммунальникке (бұрынғы демалыс үйі) дейін бірнеше рет қаралды. Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясының барлық ашық құрылымдары тексерілді. Қыз жоғалып кетуі мүмкін аймақтың айналасында рейд жасалды.
9 қарашада қыздың қалаға қарай түсіп келе жатқанын көргендер туралы ақпарат болды.
Әсел Панарғалиеваның туыстары кез-келген ақпарат үшін сыйақы жариялады.