"Өлді деп ойлаған". Шымкенттік әйелді бір топ ер адам кісі танымастай етіп сабаған
deon.pl
Жәбірленушінің күйеуі егер зайыбы көз жұмғанда оны тек қалынан және киімдерінен ғана тану мүмкін болатындығын айтыпты, өйткені оның денесінің, басы-көзінің сау-тамтығы қалмаған.
Шымкентте жаға ұстатарлық қылмыс орын алды, көшеде келе жатқан әйелді бір топ еркек кісі танымастай етіп аяусыз соққыға жығып, зорлаған, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы facebook-те # Не молчи қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова жазды.
26 мамырда Шымкентте екі баланың анасы адам танымастай күйге түсіп, әл үстінде жатыр. Кешке оны үйінің маңында бір топ адам жабылып кеткен. Тергеу мүддесі тұрғысында олар туралы, әзірге ештеңе айта алмаймыз. Болжам бойынша, әйел зорланған және оны өлтірмек болған. Оны аяусыз соққыға жығып, зорланғандар артынан оның басына полиэтилен пакет кигізіп, тұншықтырған, оның мойнында қол іздері анық көрінеді. Әйелдің тістері сынған, екі жағы үш жерінен, қабырғалары да сынған, миы қатты шайқалған. Қылмыскерлер оны есінен танып қалғанша азаптаған, тіпті шамасы оны өлтірдік деп те ойласа керек, өйткені оның үстіне ағаш бұтақтарын әкеліп тастап, кетіп қалған. Әйел Құдіреттің тылсым күшімен аман қалып, таңертең есін жинап, таңғы жетіде сүйретіліп үйіне әрең жеткен, - деп жазды Смаилова.
Оның сөзіне қарағанда, жәбірленушінің күйеуі егер зайыбы көз жұмғанда оны тек қалынан және киімдерінен ғана тану мүмкін болатындығын айтыпты, өйткені оның денесінің, басы-көзінің сау-тамтығы қалмаған.
Жәбірленушінің өзі қатты қорқып қалғаны сонша алғашқы күндері ештеңе айтпай, ол қылмыс фактілерін жоққа шығарумен болыпты. Қазір бұл іс Шымкент қалалық полиция бөлімінің бастығы Ерәлі Жұмаханбетовтің, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимованың жеке бақылауында. Ал қазір ол Денсаулық сақтау министрдінің орынбасары Лязат Мейіршақызы Ақтаеваның қарамағында, өйткені оған ота жасалуы тиіс. Отбасы істері комитетінің қолдауымен психологтардың көмегі де ұйымдастырылды, - деді Смаилова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript