Қазақстаннан Өзбекстанға бет алған адамдар "Қапланбек" бекетінен өте алмай тұр: ҰҚК себебін түсіндірді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Өзбекстанға бет алған адамдар "Қапланбек" өткізу пунктінен ары өте алмауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҰҚК Шекара қызметіні бұл көршілес аумақтағы "Новои" өткізу пунктінің тіркеу жүйесіндегі іркілістерге байланысты екенін жеткізді.
"Қазақстан тарапынан өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ", делінген хабарламада.
Шекара өкілдері шеңберінде өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Өзбек тарапының мәліметінше, ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмыс қабілетін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізілуде.
"Сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Бұған дейін Қорғаста жүк тиелген 20-ға жуық фура өртеніп кеткенін хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript