ҚР ҰҚК шекарадағы кептеліс себебін түсіндірді
Қазақстан-ресей шекарасының ("Қайрақ" (ҚР) – "Бугристое" (РФ), "Сырым" (ҚР) – "Маштаково" (РФ) өткізу пункттері), қазақ-қырғыз шекарасының ("Қарасу" (ҚР) – "Ақ-Тілек" (Қырғыз Республикасы) өткізу пункттері) және қазақ-өзбек шекарасының ("Жібек жолы" (ҚР) – "Гишт-Куприк" (ӨзР), "Қазығұрт" (ҚР) – "Ташкент" (ӨзР), "Атамекен" (ҚР) – "Гулистан" (ӨзР) өткізу пункттері) жекелеген бағыттарында адамдар мен көлік құралдарының кептелісі орын алуда.
Негізгі себептер:
- бұл бағыттардағы өткізу пункттерінің кейбірінде ішінара жөндеу жұмыстарының жүргізілуі;
- маусымдық көкөніс өнімдерін тасымалдауға байланысты шығарылатын жүк тасымалының артуы:
- көлік тасымалдау ұйымдарының транзиттік әлеуетін жоғарылатуы;
- туристік кезеңдегі жолаушылар легінің көбеюі.
Ведомство қазақстандық өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.
"Шекарадан өтетін көлік құралдарын қарау мен адамдардың құжаттарын тексеруде қазіргі заманғы және автоматтандырылған жүйелерді қолдану арқылы адамдар мен көліктер кептелісін азайту бойынша шаралар қабылдануда".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік қызметі көлік құралдарының жүргізушілеріне қозғалыс бағыттарын жоспарлау кезінде қалыптасқан жағдайды ескеру керек екенін ескертті.