Жаңалықтар тізбегі
0

Әли Алтынбаев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 12:38 Сурет: gov.kz
Әли Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Әли Алтынбаев 1979 жылы 22 ақпанда Алматы облысы, Бақбақты ауылында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2015 жылы «Тұран» университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Салық комитетінің Есік қаласы, Еңбекшіқазақ облысы бойынша жанама салықтар басқармасы салық инспекторының міндетін атқарушы (25.05.2001-10.09.2001);

  • Салық комитетінің Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша жанама салықтар басқармасының салық инспекторы (09.10.2001-23.07.2002);

  • Салық комитетінің Есік қаласы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы бойынша тексеру бөлімінің салық инспекторы (23.07.2002-07.02.2005);

  • Салық комитетінің Есік қаласы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы бойынша тексеру бөлімінің жетекші салық инспекторы (07.02.2005-01.02.2007);

  • Салық комитетінің Есік қаласы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы бойынша тексеру басқармасының бас салық инспекторы (01.02.2007-11.04.2007);

  • Жанама салықтар бойынша салық комитетінің Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша басқармасының басшысы (11.04.2007-11.05.2008);

  • Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық басқармасының аудит бөлімінің бастығы (11.05.2008-07.05.2009);

  • Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Талдықорған қаласы бойынша Салық аудиті басқармасының заңды тұлғалардың аудиті басқармасының басшысы (08.05.2009-07.04.2010);

  • Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы (07.04.2010-31.05.2010);

  • Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасының кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы (01.06.2010-01.09.2010);

  • Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы (02.09.2010-18.07.2011);

  • Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасының басшысы (19.07.2011-27.12.2012);

  • Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары (28.12.2012-04.04.2013);

  • Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары (04.04.2013-11.10.2014);

  • Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының басшысы (10.11.2014-12.06.2015);

  • Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының басшысы (12.06.2015-29.12.2015);

  • Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (29.12.2015-11.01.2017);

  • Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (11.01.2017-22.04.2019);

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (22.04.2019-02.2020);

  • Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы (14.02.2020-05.2021);

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы (05.2021 ж. бастап)

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: