Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртауда жүйкесі жұқа біреу автобуста сөзге келген адамға пышақпен тап берген

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2020 16:29 видеодан алынды
Сол оқиғаның қақ ортасында болып, қаскөйдің қолындағы пышақты жұлып алып, лақтырып жіберген адамға ерекше алғыс білдіреміз. Одан кейін мінез көрсеткен адамды автобустағы жолаушылар қолдарын қайырып, еденге жатқызып қойып, полиция шақырған.

Теміртауда ер адам автобустағы жолаушылардың біріне пышақпен тап берген. Автобустағы басқа жолаушылардың қырағылығының арқасында ол залалсыздандырылып, полицияға тапсырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Instagram-дағы temirtau.tayday тобында автобус еденінде құлап жатқан ұсталған ер адамның видеосы жарияланған. Ол пышақпен шабуылдаған адамды балағаттап, қоқан-лоқы көрсетіп жатыр. Одан кейін оны полиция қызметкерлері қолын қайырып, патрульдік көлікке салады.

"Бүгін, 2020 жылдың 17 маусымында шамамен сағат 17:15 шамасында қоғамдық көлік салонында ер адам белгісіз жас жігітке пышақ ала жүгірді, бірақ жолаушылардың қырағылығының арқасында қаскөй залалсыздандырылды. Сол оқиғаның қақ ортасында болып, қаскөйдің қолындағы пышақты жұлып алып, лақтырып жіберген адамға ерекше алғыс білдіреміз. Одан кейін мінез көрсеткен адамды автобустағы жолаушылар қолдарын қайырып, еденге жатқызып қойып, полиция шақырған. Оларға тез келіп, қылмыскерді полиция бөлімшесіне алып кетті", - деп жазды автор.

Видеода бейәдеп сөздер барын ескертеміз:

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сегодня 17.06.2020 года, в районе 17:15 часов, в салоне общественного транспорта неизвестный мужчина накинулся с ножом на неизвестного ему молодого парня, но благодаря бдительности пассажиров, нападавшего удалось обезвредить, отдельное спасибо мужчине, который в этот момент находился рядом с эпицентром происходящего и незамедлительно выбил нож у неизвестного. ⠀ После чего нападавшего положили на пол салона автобуса скрутив руки и начали вызывать полицию, которым тоже отдельное спасибо, что приехали очень быстро и забрали преступника в ОП. ⠀ Сам же нож можете увидеть в конце видео, который судя по его размерам, проткнул бы человека насквозь. ⠀ #Темиртау | @temirtau.today

Публикация от Темиртау сегодня | Казахстан (@temirtau.today)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: