Тағы үш әуе рейсі: Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау жалғасуда
Сурет: Zakon.kz
Air Astana 2026 жылғы 10 наурызда Маскаттан (Оман астанасы) Алматыға үш репатриациялық әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр, делінген әуе компания хабарламасында.
Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:
- KC2264 Маскат-Алматы рейсі (ұшып шығу - 12:30, ұшып келу - 17:40).
- KC2258 Маскат-Алматы рейсі (ұшып шығу - 14:30, ұшып келу - 19:40).
- KC2254 Маскат-Алматы рейсі (ұшып шығу - 16:30, ұшып келу - 21:40).
Жергілікті уақыт көрсетілген.
"Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады. Әуе компаниялар тобы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауды және қазақстандықтардың отанына қауіпсіз оралуы үшін күш салуды жалғастыруда". Air Astana
Трансфер бойынша жолаушылардан билеттерді сатып алу орны бойынша туроператорларға немесе әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласу сұралады.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 7 300-ден астам қазақстандық эвакуацияланғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript