Әлеуметтік желіде балаларды суицидке үгіттеген қаскөй ұсталды

видеодан кадр видеодан кадр
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығы мен Түркістан облысы Полиция департаменті анықтап, жолын кесті.

Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға үгіттеген қаскөй құрықталды. Арыс қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде арнайы топ ашып, жасөспірімдерді жаппай суицидке шақырған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оның қоғамға қауіпті белсенділігін интернетке мониторинг жүргізген Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығы мен Түркістан облысы Полиция департаменті анықтап, жолын кесті. Бірден жедел іздестіру тобын құрып, күдіктіні қолға түсірген полицейлер оның әрекетін адам өлтіруге оқталу деп тіркеп, тергеу амалдарын бастап жіберді. Тінту кезінде күдіктіден ноутбук, ұялы телефон, үш қорап сим-карта және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефонында суицидке бағытталған телеграм каналдарының бар екені де анықталды. Күдікті сот санкциясымен қамауда. Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының ғаламторда немен айналысатынын ұдайы қадағалап, виртуалды өмірін ұмыт қылмауға шақырады. Қандай да бір күдік пайда болса, тез арада мән-жайға үңіліп, бірден полицияға хабарлауды сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз