Алматы мен Нұр-Сұлтан ауруханаларында ота жасау уақытша тоқтатылды
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жоспар бойынша жасалатын оталар уақытша тоқтатылды. Бұл ауруханалардың жұқпалы аурулар стацонары ретінде қайта құрылуына байланысты. Қос қаланың денсаулық сақтау басқармасы басшылары бұл операциялардан толық бас тартуды білдірмейтінін ескертті, деп хабарлайды zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жоспар бойынша жасалатын операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданғанын айтты.
"Нұр-Сұлтан ауруханаларында жоспар бойынша отаға тек қаладан ғана емес, басқа аймақтардан да науқастар жіберіледі. Жоспарланған операциялардың шамамен 20% - басқа аймақтардың тұрғындары. Міне, бұл жұмыс уақытша тоқтатылды. Жедел жәрдем көмегі жарияланған форматта көрсетіледі. Кейбір жағдайларда жоспарланған операцияны жасау туралы шешім жекелей қабылданады, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қалада жоспар бойынша жасалатын операциялардың саны азайтылғанын растады.
Бұл Алматыда ота мүлде жасалмайды дегенді білдірмейді. Қарапайым емдеу республикалық маңызы бар клиникаларда жалғасуда.
Біз жоспар бойынша жасалатын отадан толық бас тартуды білдірмейді. Қалада науқастарды жоспарлы түрде қабылдайтын республикалық маңызы бар клиникалар бар. Қазіргі кезде бірқатар көпсалалы ауруханалар жұқпалы ауруханалар болып қайта құрылуына байланысты мұндағы оталар тоқтатылды. Бірақ басқа ауруханалар қалыпты жұмыс кестесіне сай істейді және халыққа көмек толық көрсетіледі, - деді Надыров.