Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Демалыс кезінде әке-шешесіне барып, коронавирус жұқтырған елордалық дәрігер көз жұмды

Оның әке-шешесі де қайтыс болды.

Сурет : Алматы ӨКҚ26 Маусым 2020, 16:03

Анасы мен әкесіне коронавирус жұқтырған астаналық дәрігер Көкшетауда қайтыс болды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА тілшісіне Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Айнагүл Мусинаның айтуынша, 49 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының дәрігері ата-анасына - Көкшетауға екі аптаға демалуға келген.

- Содан кейін әкесі ауырып, ауруханаға түседі, тамырындағы тромб жарылып, ол кісі көп ұзамай қайтыс болды. Осыдан кейін КВИ-мен анасы да ауырып, өкінішке қарай ол кісі де көз жұмды. Дәрігер - ер адамның өзі де қайтыс болды. Қазіргі уақытта оның әпкесі КВИ-мен ауырып, ауруханада емделіп жатыр, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Онымен бірге жұмыс істейтін бір ер адам мен бір әйел де КВИ жұқтырған. Сондай-ақ ер адам Көкшетауға демалысқа келгенде досын ерте келген. Оның досының отбасындағылар да КВИ-ге тест тапсырды, барлығынан жаңа вирус түрі расталды", - деді Айнагүл Мусина.

Соңғы тәулікте Қазақстан Республикасында КВИ-ден 11 адам қайтыс болды, олардың бірі Ақмола облысында. Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны - 147.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер