Жаңалықтар тізбегі
0

"Терезесін бұзып кірген". Өзіне қарамай кеткен қызды бір жігіт күштеп алып қашқан

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2020 00:24 polisia.kz
Күдікті ұсталды.

Алматы облысында ер адам түнде қыздың жатын бөлмесінің терезесін бұзып кіріп, күштеп алып қашқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Түнгі сағат 01.00 шамасында Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Шамалған ауылының 72 жастағы тұрғыны өзінің 21 жастағы қызын түнде біреулер терезеден кіріп, ұрлап кеткені туралы арызданған. Ол белгісіз біреулердің терезені сындырып, үй ішіне кіріп, ұйықтап жатқан қызын қорқытып-үркітіп, белгісіз жаққа алып кеткенін айтты.

- Қаскелең қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ішінде соққыға жығылған, ұрланған қыз бен оны ұрлады деп күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны бар LEXUS 470 көлігін тоқтатты. Жәбірленушіні ұрлаған бұрын жүрген жігіті болып шықты. Бірақ арадағы байланысты үзгендіктен жігіт қызға ұрын келген, қолындағы тістеуікпен ағаш терезенің шегесін суырып, ішке кірген, сөйтіп қолындағы доңғалақ жөндеуге арналған темірмен ұрып өлтіремін деп қорқытып, қызды алып қашқаны анықталды. Адам жоқ бірнеше жерге тоқтаған жігіт тәртіп сақшылары ұстап алғанға дейін қызғаныштан қызды көзі-басына қарамай ұрып, тепкілеген, - деді Алматы облысы Қарасай аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты зат ретінде одан тістеуік пен сайман темір тәркіленді. Келтірілген дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы, яғни "Адам ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: