Жаңалықтар тізбегі
0

Цой елімізде коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіру жайына кеңінен тоқталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 15:10 видеодан алынды
Қазір дәрігерлерге КВИ-пневмонияны дұрыс анықтауды үйретіп жатырмыз - Цой.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап КВИ және пневмония инфекцияларының біріктірілетін жаңа статистикасына қатысты кеңінен тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ол статистиканы алу үшін қосымша уақыт қажет, Қазақстанда бар нормативтік талаптарды жетілдіру қажет, екіншіден, үлкен жұмыс - бұл медициналық жүйеде, емхана, ауруханалар деңгейіндегі әрбір медициналық қызметкерді оқыту. Олар кодтаудың қандай түрін және нақты клиникалық белгілердің қандай болатынын дұрыс түсіне алатындай болуы тиіс. Мысалы, компьютерлік томография кезіндегі өкпенің "матовый стеклодағы" жағдайды оқу және басқа да тәсілдер бар, сондықтан кез-келген медициналық қызметкер пневмонияның осы санатын қайда жатқызуға болатындығын түсіне алатын дәржеге жетуі тиіс. Ақпараттық жүйелердің дайындығы өте маңызды, өйткені біз осы кодтауды қайта жасап, сол кодты өз бетімізше орнатуға мәжбүрміз. 1 тамыз - қайта есеп жүругізудің айының басы, статистика дәлме-дәл болуы керек. Біз күн сайын дерлік семинарлар өткіземіз, - деді Цой "Хабар" телеарнасының эфирінде.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда анықталған 234 мың пневмония жағдайы туралы мәліметтерге түсініктеме берді.

- Біз тесттер арқылы анықталған инфекцияның жұқтыру жағдайларын көрсетеміз, сонымен қатар коронавирусқа ұқсас белгілері бар пневмония жағдайларын да бөлек көрсеттік, оның ішінде өлім жағдайларын да атап отырдық. Қазір бізде осындай жалпы цифрлар бар. Яғни, біз одан пневмонияның барлық түрлерін көреміз. Бізде вирустық пневмония және басқалары деген бар. Осы тұрғыда нақты сандарды ажырату мүмкін емес. Біздің дәрігерлер оның бәрін ортақ кодпен кодтап жатыр, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Ол КВИ-пневмонияны оқшаулау үшін дұрыс кодтау тәсілі қажет екенін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: