Жаңалықтар тізбегі
0

Цой өңірлердегі қауіпті аймақтардың жайына тоқталды

ortcom.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2021 15:31 ortcom.kz
Республикамызда жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарға арналған төсек-орынның қамтылу көлемі - 42%, жан сақтау бөліміндегі төсек-орындардың қамтылу деңгейі - 28%.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, эпидермиялық қауіпті аймақта тоғыз өңір бар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалалары және Ақмола, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Олардың арасында Павлодар мен Жамбыл облыстары өткен аптаға ғана "қызыл" аймаққа енді.

Ал орташа қауіпті аймақта 5 өңір бар - Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Алматы, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

Соңғы үш аптада аурушаңдық динамикасы іс жүзінде сол деңгейде қалды. Соңғы аптада сырқаттанушылықтың 2% төмендеуі байқалды, өлім деңгейі өткен аптаның деңгейіндегідей, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

Республикамызда жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарға арналған төсек-орынның қамтылу көлемі - 42%, жан сақтау бөліміндегі төсек-орындардың қамтылу деңгейі - 28%.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: