Санитарлық дәрігер Алматының "қоңыр-қызыл" аймаққа неге өткенін түсіндірді

Бүгінгі күні Алматыда жұқпалы ауруларға арналған төсек -орындардың толу деңгейі 65,6% құрайды.
Алматының "қоңыр-қызыл" аймаққа енуіне ауруханаларда науқастардың көптігі себеп болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсел Халықованың айтуынша, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімі бойынша, қауіпті аймаққа жатқызудың жалғыз белгіленген критерийі - жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек -орындардың науқастарға тез толуы.
Біз бұл арада коронавируспен ауыратын науқастар жатқызылуы тиіс орындар туралы айтып отырмыз. Алматы алдын алу шарасы ретінде "қоңыр-қызыл" аймаққа енді. Өздеріңіз білетіндей, халық арасында күнделікті тіркеліп жатқан жұқпалы ауру 1200-1500 жағдайды құрайды, - деді ол брифингте.
Бүгінгі күні Алматыда жұқпалы ауруларға арналған төсек -орындардың толу деңгейі 65,6% құрайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript