Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы дәрі-дәрмек тапшылығына белгілі бір деңгейде қазақ тілі себеп болған

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 19:15 Pixabay
Бұл туралы дәрі-дәрмек тапшылығының нақты себептерін жария еткен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Өткенде ғана бәріміз Алматыдағы дәріханаларда дәрі-дәрмек жетіспеушілігінің куәсі болдық. Бұл мәселе бүгіндері шешілген. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл жағдайдың нақты себебін атап, оны қалай шешкендерін айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сағынтаевтың айтуынша, төтенше жағдай кезінде дәрі-дәрмектерге ерекше қажеттілік бола қоймаған (маскадан басқасына), бірақ маусым айының соңынан бастап коронавирус індеті өршіп, адамдар дәріханаға жаппай лап қойған. Мысалы әкім мамыр айында дәріханалар парацетамолдың 50 мың қаптамасын сатса, ал шілде айының 3 аптасында бұл дәрінің миллион қаптамасы бірден сатылып кеткенін еске салды.

Неліктен сұраныстың артуына байланысты ұсынысты да арттыру мәселесі ұзаққа созылып, тапшылық орын алды? Әкімнің айтуынша, дәрі-дәрмектерді сатушылар мен жеткізушілерде тапшылықты жабатындай үлкен қор болмаған, ешкім мұндай сұранысты күтпеген.

- Бұл дәрі-дәрмектерді Ресейден, Үндістаннан әкелу үшін белгілі бір рұқсат керек, біз бір реттік импортқа рұқсат алу үшін құжаттарды рәсімдеу үшін, 1 күн ішінде құжаттарды рәсімдеуге қолдау көрсету үшін үкіметке фармацевтикалық өнеркәсіп қауымдастықтарының көмегіне жүгіндік. Әдетте, бұл процесс 2 апта уақытты алады. ЕАЭО шеңберінде өндірілген дәрі-дәрмектерді өндірушілерден тауарды сатып ала бастаған кезде, заңның талабы бойынша әр қаптамада қазақша жазу, яғни дәрі-дәрмектің түсініктеме қағазында қазақша нұсқау болуы керек еді. Бірақ мұндай көлемдегі дәрі-дәрмекті қазақ тіліне аударып жатуға уақыт тығыз екенін түсіндік. Яғни, бізде дәрі бар, бірақ оны осындай себеппен жеткізе алмадық. Үкіметке қайта шықтық, егер нұсқаулық орыс тілінде жазылса, оны қазақшаға аударуға уақыт болмағандықтан тез арада шаралар қабылдаса дедік. Біз тапшылықты тезірек жабуымыз керек еді. Кедергілер болды, біз оны түзеткенге дейін белгілі бір уақыт кетті. Үкіметтің арқасында жедел шешім қабылданды, сөйтіп кедергілер жойылды. Ұшақ келіп, біз тауарды кеденнен өткізіп алғанша осындай проблемалар шешілді, нормативтік құжаттар қайта жасалды. Ең басты міндет - дүрбелеңді басып, дәрі-дәрмек тапшылығын жою болды ол кезде, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қазір әкімдікте дәрі-дәрмекті жеткізу тобы жұмыс істеп жатыр, олар өз қолымен дәріханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізеді, негізгі тізімге басымдылық беріледі.

- Әр дәріхананы қамтамасыз ету мүмкін емес, бізде мыңға жуық кішкентай дәріхана бар, бірақ алдында басты деген 105 дәріхананы қамтамасыз еттік, қазір бұл цифрды 385-ке жеткіздік, бұл тізім біртіндеп өсіп келеді, - деді Сағынтаев.

Қала басшысы қазір алматылықтардың өздігінен емделу тиімсіз екенін түсінгенін, сондықтан ауырса бірден дәрігерге көрініп жатқанын, осыған байланысты қалада жағдайы ауыр науқастардың саны күрт азайып келе жатқанын баса айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: