"Алматы жастары 3.0": қалада тіркеуде болу талабы жойылды
kn.kz
Бұл туралы twitter-де қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жазды.
"Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін алматылық жастар үшін қалада тіркеуде болу талабы жойылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы twitter-де қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жазды.
"Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады, деп жазды ол.
"Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн теңгеге дейін беріледі. Пайыздық мөлшерлемесі – 5%, бастапқы жарна - 10%.
«Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) June 17, 2020
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript