Жаңалықтар тізбегі
0

Сайлау келе жатыр. Тізімдерде өңкей ректор, проректор, бизнесмен

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 17:46 видеодан кадр
Пандемияны пайдаланып, коронавируспен жағаласып, сайлау өткізейін деп жанталасып жүргендер бар.

Қазақстандағы кейбір саяси партиялар дайындық бастап кетті. Ел пандемиямен арпалысып жатқанда тағы қандай сайлау болмақ?

Бұдан былай жергілікті мәслихаттарда сіресіп отырған ректорлар, кәсіпкерлер депутаттықтан кетеді. Праймериз жүйесі бойынша енді кез-келген белсенді азамат сайлауға түсіп, халық қалаулысы атануға мүмкіндігі бар деседі. Тікелей эфирде өзінің бағдарламасын, ұстанымын қорғап шықса болды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жұмамұрат Шәмші, қоғам белсендісі:

"Бізде бірден ешкім танымайтын адамды қонжитады сенатор қылып. Ол ештеңеден хабары жоқ. Ол қайдан келген адам. Біз танымаймыз".

Ешкім танымайтын тағы 17 адам көп кешікпей Парламент Сенатына қонжияды. 12 тамызда сайлау. Жоғарғы палатадағы депутаттардың ішінен 17 адамның өкілеттік мерзімін аяқталыпты. Солардың орнына жаңа кандитаттар сайланады. 58 адамның депутаттықтан дәмесі бар.

Берік Имашев, ҚР ОСК төрағасы:

"Сенат депутаттығына 58 кандидат тіркелді. Орташа алғанда бір орынға үш үміткер. Өңірлер арасында ең көп кандидат Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында. 5 адам тіркелді".

Әзірге сенаторлар бұрынғы тәртіппен сайланады. Ал қызықтың көкесі алда.

Арман Қырықбаев, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

"Біздің еліміздегі саяси күштердің барлығы біледі, жылдың соңы ма, келесі жылдың басы ма, өзінің Конституциялық мерзімінде елімізді үлкен сайлау күтіп тұр. Себебі, тек мәслихаттар емес, Мәжіліс, барлық деңгейдегі өкілетті билік органдарының бір мезетте сайлауны, бұл біздің тарихымызда бұрын соңды болмаған нәрсе".

Осы Мәжіліс пен Мәслихаттың сайлауына "Нұр Отан» партиясы дайындықты бастап кетіпті. Бірақ жаңа жүйені енгізбек. Бұрынғыдай пропорционалды, яғни іштен өздері іріктеп, партиялық тізіммен үн-түнсіз кандидаттарды өткізе салмайды. Ел алдында, әлеуметтік желіде, тікелей эфирде өзінің бағдарламасын дәлелдеген тұлға өтеді.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

"Праймеризде кез-келген Қазақстан азаматы , қоғам белсендісі болсын немесе әрбір аймақта түйткілді мәселені шешуге атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады. Праймериздің айырмашылығы яғни кез-келген кандидат өзінің бағдарламасын, өзінің ұстанымын ашық түрде, дебаттар өткізу арқылы өзінің қарсыластарына негізгі тұжырымдарын ұсынатын болады. Халық оған онлайн түрде қатыса алады".

Халық тікелей эфирде қатысқанымен, қай кандидаттың сайлауға түсетінін партия басшылығы жабық түрде шешеді. Егер ел-жұрттың көңілінен шыққан кандидат өтпей қалса, партияға сын. Депутаттықтан үміттенген белсенділерге қойылатын бір ғана талап - саяси додаға түспес бұрын Нұр Отанға мүшелікке кіруі тиіс.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

"Праймеризді өткізу тек Нұр Отан партиясына тиесілі, қатып қалған нәрсе емес. Мәселен Ақжол бар, Ауыл партиясы бар. Бұларда осындай жүйені енгізуге құқылы".

Егер праймериз жүйесі енгізілсе, өңірлердегі жылдар бойы Мәслихатта қол көтеріп отырған депуттарға да тықыр таянды. Ректор, кәсіпкер, шаруа қожалығының басшыларына енді бәсекелес белсенді жастарға орын беруге тура келеді.

Жұмамұрат Шәмші, қоғам белсендісі:

"Нұр-Сұлтан қаласындағы мәслихаттардың тізімін айтайын. ЕНУ ректоры Е.Сыдықов, аграрлық университет ректоры А.Күрішбаев, А.Мұсаходжаева Шабыттың ректоры, өңкей ректор, проректор, бизнесмен, байланған сыбайлас жемқорлық демей немене. Мәслихат депутаты дегеннің беделін көтеру керек. Айлық тағайындау керек".

Праймериз жүйесі АҚШ-та басталған, кейін Еуропа елдері қолданды. Ресейде тәжірибе жасап көрді. Ал еліміздегі жаңа саяси бетбұрыстардың нәтижесін уақыт көрсетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: