Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяқ қыздар тойда Жазира Байырбекованың даусымен ән салып жүр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2018 19:08 Сурет: zakon.kz
“Дайын асқа тік қасық” болып, әншінің еңбегін тегін пайдаланып жүргендер жетерлік екен.

Жазира Байырбекованың орындауындағы әндердің басым бөлігі тойға арналып жазылған. Әнші тұсаукесерден бастап, қыздарды құтты орнына қондыруға атсалысуға қашан да дайын! Алайда “дайын асқа тік қасық” болып, әншінің еңбегін тегін пайдаланып жүргендер жетерлік екен. Бұл туралы Жазира Байырбекованың өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Айналайын қазақтың қыздары-ай! Менің репертуарымдағы әндермен, аранжировкаларыммен жұмыс істеп табыс тауып жүргендеріңізге ешқандай қарсы емеспін. “Кең болсаң,кем болмайсың” – деген бар.

Бірақ менің дауысыммен xалықты қалай алдайсыздар. Ұят қой. Көріп тұрып мен ұялып кетем. Өз дауыстарыңызбен орындасаңыздар да болады ғой… Маған менің дауысыммен осылай жүрген қыздардың видеолары күнде келеді. Не істейін?! Ештеңе істемеймін, ұрыспаймын да. Әркімнің ұяты білсін”, – дейді Жазира.

Бұл орайда желі қолданушылары расымен де мұның ұят тірлік екенін айтқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: