Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде сотталған полицейлердің туыстары ағайындарын босатуды сұрайды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2020 19:46 zakon.kz
Соттың үкімімен істі болғандардың барлығы енді құқық қорғау органдарында жұмыс істей алмайды.

Ақтөбеде экс-полицейлердің туыстары шу шығарды. Олар соттан қамауда отырған ағайындарын босатуын талап етіп отыр. Бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы олар үшін тым қатал деп санайды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ағайын біткен ақтап, адал еді деген тәртіп сақшылары қай жерде сүрінді?

Полицейлердің басын дауға қалдырған – осы видео. Әлеуметтік желілер жарыса жарияланған жазба полиция бөлімшесінің камерасына түсіп қалған. Видеодан ұсталған азаматты еденде сүйреп, кейбір полицейлердің жерде жатқан жігітті тепкілегені анық көрінеді. Осы жағдайдан кейін полиция департаментінде қызметтік тексеріс жүріп, басшының бұйрығымен партрульдік полицияның 10 қызметкерін жұмыстан босатқан еді. Кейін алтауының ісі сотқа түсті. Бас бостандығынан айырылғандардың жақындары жазаларын жеңілдетсе екен дейді.

– Жаза тым ауыр. Біз балаларымызды судан таза, сүттен ақ деп жатқанымыз жоқ. Олар да кейбір қателіктерін ішінара мойындаған. Артығырақ күш жұмсаған болуы мүмкін. Әйтпесе, анадай адамды басып кіргізе алмайды ғой. Бас бостандығынан айыру жазасын шартты жазаға аударса деп сұраймыз. Біздің талабымыз сол, – дейді сотталушының туысы Жұмабай Асарбаев.

Сотталғандардың ағайындарын тыңдасаң, олардың өз "шындығы" бар. Оны қолдарындағы мына бейнежазбамен дәлелдегілері келеді екен. Сол күні кафеде тәртіпсіздік жасағаны үшін бөлімшеге жеткізілген жігіт балағаттап, дымын қалдырмады деп отыр.

– Ішімдікке тойып алған жас бала олардың намысына тиетін сөзбен балағаттап, ұрып-соғып жатыр, жетондарын, киімдерін жыртып жатыр. Кешегі сотта оның бірі ескерілген жоқ, біржақты қаралды. Араққа тойған бала жәбірленуші ретінде танылып тұр, бірақ ол сотта өзінің ішімдік ішіп, бұларға қарсы шыққанын мойындап, сотталуына қарсы болды. Сот мырза есепке алмай отыр, – дейді сотталушының жұбайы Жұлдыз Сексенбаева

– Жолдасымның "статьясы 370, часть 1, "бездействие", хотя оның бездействиясы жоқ бұл жерде. Балта шауып тұр ғой былай қарағанда. 3 баласы бар. Оны кім асырайды? Қаншама кредиті бар, ол жалғыз семья асыраушысы, – дейді сотталушының анасы Гүлзада Отаралина.

Оқиға өткен жылдың қарашасында болған. 112-ге қызметіне кафеде төбелес болып жатқанын хабарлайды. Патрульдік полиция келген сәтте ішімдік ішіп алған үш жігіттің бірі кафедегі бойжеткеннің бірін ұрғанын анықтап, кейін ұсталғандарды бөлімшеге алып келген. Артынша бөлімшеде не болғаны бейнежазбаға түскен.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі:

"№2 қалалық сотының үкімімен Хайрушов, Асаманов , Өтеғұлұлы, Ғалымжан, Нұрмановтар Қылмыстық кодекстің Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бабымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ал Жұмағалиев "Қызметтегі әрекетсіздік" бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".

Соттың үкімімен істі болғандардың барлығы енді құқық қорғау органдарында жұмыс істей алмайды, барлығы шендерінен айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Туыстары аппеляциялық шағым түсірген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: