Жаңалықтар тізбегі
0

Су қайда? Бақшасын суғаратын су таппаған жұрт жаңбырды күтіп отыр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2020 22:02 видеодан кадр
Есіл еңбек еш кетті. Көкөніс пен бақша дақылдары су ішпегендіктен есік алдында қурап жатыр

Түркістан облысында қос бірдей елдімекен ағын судың азабын тартып отыр. Түлкібас ауданына қарасты Ынтымақ және Састөбе ауылының жұрты соңғы бірнеше жылдан бері суға жете алмай, зарығып жүр. Су тапшы болғандықтан, есік алдындағы бау-бақшаны көгерте алмай отыр екен. Амалы таусылғандықтан көкөністі құбыр арқылы келетін ауыз сумен суғаруға мәжбүр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ынтымақ ауылына ағын су биылдыққа бір-ақ рет беріліпті. Оның өзі ерте көктемде келген. Сол уақытта жұрт дәмеленіп, есік алдына бау-бақша дақылдарын егіпті. Бірақ, су болмай қалатынын ешкім білмеген. Міне, жаздың бел ортасы ауды, әлі күнге ағын су жоқ.

Керімжан Бейсенбаев, Ынтымақ ауылының тұрғыны:

"Кез-келген үйге кірейік, ешқайсысы огород салмайды су жоқ. Бекерге кетеді".

Есіл еңбек еш кетті. Көкөніс пен бақша дақылдары су ішпегендіктен есік алдында қурап жатыр. Кейбір тұрғындар амалын тауып, құбырмен келетін ауыз суды пайдаланып жүр. Оның өзі есептегіш құралына жалғанғандықтан, айдың соңында қалтаға ұрып жатыр дейді.

Асқар Маханов, Ынтымақ ауылының тұрғыны:

"Көктемде еккенбіз су болады екен деп. Басында шамалы келді, одан кейін жоқ, қалды. Қазір, бәрі қурап жатыр".

Састөбе ауылында да осы жағдай. Кезінде "Келте Машат" өзенінен ағып келетін ағын су жолай Жиенбай арнасы арқылы жоғарыдағы елді мекендерді суландырып отырған. Алайда, су арнасын осы маңдағы Масаттау деп аталатын өндірістік кооператив жекеменшікке айналдырып алған екен. Енді ол ағын суды өз қалауынша пайдаланып жүрген көрінеді. Мұны ауыл әкімі де растап отыр. Оның үстіне, ауыл арасымен өтетін тағы екі канал "Қазсушар" республикалық мекемесіне қарайтын көрінеді. Аты дардай мекеме айналдырған екі ауылдың мәселесін әлі күнге шеше алмай отырғанына тұрғындар қапалы.

Сұлтан Пайзалиев, Састөбе ауылының әкімі:

"Оны мен білмеймін. Солардың балансында. Бізге оның қатысы жоқ. Олар бізге суды тартып береді халыққа. Қашан су болады? Оны мен білмеймін. Қашан айтамыз, әне-міне келеміз дейді. Әлі жоқ".

Бұл істі әкімнің де шеше алмай жатқанына тұрғындардың қабырғасына батуда. Қағазбастылықпен хатты қарша боратқанша нақты іске көшкен жөн еді дейді. Өйтпесе, биыл тағы да сусыз қалып, бау-бақшамыз қурап бітетін болды дейді жұр. Ал, елді мекенде ағын судың жоқтығын аудан әкімінің өкілдері тілшілерден естіп, таңданысып қалды. Бірақ, су болады деді.

Абылай Төлепбергенов, Түлкібас ауданы әкімдігінің Ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

"Бүгін хабарластық. Олар айтады ремонт жасап жатырмыз дейді 7 шақырымға. Сосын толық береміз деп отыр. Қашан? Бір айдың көлемінде".

Ағын судан әбден тарықан жұртқа енді уәденің орындалуын күтуден басқа жол жоқ. Жаңбыр жауса қуанатын олар, сол күнді тағатсыздана күтуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: