Жаңалықтар тізбегі
0

Aуыл жастары "Birgemiz: Bilimmen"

Birgemiz: Bilimmen, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2020 21:12 Birgemiz: Bilimmen
Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстарында "Birgemiz: Bilim" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл – Волонтер жылы деп жарияланған болатын. Еріктілер жылы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында "Birgemiz" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Еліміздің барлық өңірін қамтыған бұл жоба "Saýlyq", "Taza Álem", "Qamqor", "Úmit", "Sabaqtastyq", "Asyl mura", "Bilim" атты 7 бағыттан тұрады.

Жобаның "Birgemiz: Bilim" бағытын жүзеге асырушы мекемелердің бірі – "А.Байтұрсынұлы Білім академиясы" мекемесі. Академия жоба шеңберінде Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстарында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда. Аталған жоба аясында ауыл мектептерінде оқитын оқушыларға ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін үйрету, пәндік олимпиада мен ғылыми жобаға дайындық, құқықтық және компьютерлік сауаттылық бағыттары бойынша волонтерлік көмек көрсетіледі. Бұл жоба жұмыстарына барлығы 100 волонтер жұмылдырылып, ауылдық жерлерде тұратын 1000 оқушыға волонтерлік қызмет көрсетілетін болады.

Cәуір-маусым айларының аралығында Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Темір аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарында, Түркістан облысының Созақ, Сайрам, Келес, Мақтаарал аудандарының оқушаларына ҰБТ-ға дайындық курсы ұйымдастырылды. Оқушыларға Google Classroom платформасында міндетті және бейіндік пәндер бойынша сабақтар жүктелініп, әлеуметтік осал топқа (көпбалалы, асыраушысынан айрылған, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған) жататын 600 оқушыға волонтерлік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ мамыр айының 12-20 аралығында құқықтық сауаттылық бойынша әр облыста ұйымдастырылған семинарға 900 оқушы қатысты.

Қазіргі таңда аталмыш жобаның ағылшын тілін үйрету бағыты бойынша аталған өңірлерде тегін курс өтіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: