Қазақстанда 11 баладан Кавасаки синдромы анықталды

24.kz 24.kz
Үшеуі ауруханадан босап шықты, қалған сегізі әлі ем алып жатыр.

Қазақстанда 11 балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстанда 11 балада Кавасаки синдромына ұқсас белгілер анықталды. Кавасаки синдромына тек бес жасқа дейінгі балалар шалдығады. 11 баланың тек екеуі - бес жасқа дейінгі балалар, ал қалған тоғызының жасы 5 пен 17 жас аралығында. Нұр-Сұлтанда ауруханада осындай диагнозбен жатқан балалардың үшеуі үйіне босатылды, тағы сегізі Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және елорда ауруханаларында ем алып жатыр", - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Ол Кавасаки синдромының белең алуы балалардағы коронавирус инфекциясының ауыр жүруінің салдары екенін атап өтті. Бұл - өте сирек кездесетін ауру, соңғы кездері Ковид-19 бар науқастар санының өсуіне байланысты жиі кездесуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз