Екібастұзда 13 жасар ер баладан коронавирус анықталды

Москва 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2020 18:08 Москва 24
Оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

23 сәуірде Павлодар облысында коронавирустың 5 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік комиссияның Шұғыл штабының хабарлауынша, COVID-19 Екібастұздың 3 тұрғынынан : 1977 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел және 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала, сондай-ақ Павлодар қаласының екі тұрғынынан: 1970 жылғы әйел мен 1963 жылғы ер адамнан анықталды.

Екібастұздың үш тұрғыны бұрын анықталған CVI ауруымен тығыз байланыста болған. Алдында Павлодар қаласының тұрғыны - 1970 жылғы әйел CVI-мен ауырған. Ауруханаға түскен кезде оның дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтелі болды, оған пневмония диагнозы қойылды. Павлодар қаласының тұрғыны - 1963 жылғы ер адамнан 23 сәуірде COVID-19 тесті бойынша оң нәтиже алынды, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Барлық жағдайларда байланысқа түскен адамдардың шеңбері анықталды, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңғы сағат 9:50 уақытындағы жағдай бойынша, Павлодар облысында коронавирус инфекциясының 43 жағдайы тіркелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: