Жаңалықтар тізбегі
0

Теңіз кен орнынан да коронавирус науқас анықталды

РСК Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2020 20:39 РСК Алматы
Жауапты органдар онымен жақын байланыста болғандарды анықтады, оларды карантиндік ауруханаларға оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

8 сәуірде таңертең Атырау облысында коронавирусты жұқтырудың 4 жаңа жағдайы анықталды. Ауру Теңіз кенішіндегі ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерден де табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

1970 жылғы әйел Теңіз кен орнындағы мердігерлік ұйымдардың бірінде жұмыс істейді. Ол Ватернас вахталық кентінде тұрады, - делінген Шұғыл штаб хабарламасында.

Қазіргі уақытта әйел инфекциялық ауруханаға жеке боксқа жатқызылды, жауапты органдар онымен жақын байланыста болғандарды анықтады, оларды карантиндік ауруханаларға оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

КВИ ТШО қызметіне әсер етпейді, компания өз қызметкерлерін қорғау үшін барлық жұмыстарды ұйымдастырды. Теңіз кен орнындағы барлық жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, барлық нысандарда дезинфекция жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады, өндірістік кешенге кіре берісте төрт санитарлық пост орнатылды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем тағайындалып, жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: