Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы өмірден озды

18 Тамыз 2020, 15:38
Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Разия Төлеуқызы Нүркенова 52 жастан асқан шағында қайтыс болды. Қайғылы хабармен Қазақстан футбол федерациясы бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Спорт мамандары мен жанкүйерлердің ортасында Разия Нүркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде кеңінен танымал.

Рәзия Төлеуқызы қарағандылық "Олимп" әйелдер футбол клубында спорт мансабын бастап, 1987-1991 жылдардың аралығында ойнады.

Жоғары беделі, мінсіз шеберлігі, ақкөңілділігі және сыпайылығы жоғары Рәзия Нүркенова тұрақты түрде команданың капитаны болып сайланып отырды.

1992 жылы Рәзия Нүркенова Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубынан шақырту алады. 2001 жылға дейін шабуылдаушы жартылай қорғаушы болып ойнады.

Разия Төлеуқызы Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған.

Ойнау мансабын аяқталған соң футбол төрешісі, кейін бапкерлік қызметпен айналысты.

Футболдан ҚР және РФ спорт шебері.

Ресейдің үш дүркін чемпионы: 1993, 1994, 1996 жылдарғы;

Ресей кубогының иегері: 1994 жыл;

Достастық кубогының иегері: 1996 жыл.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?