Абай үшін түрмедегі жамағат жанталасып, шахмат тақтасын жасапты

20 Тамыз 2020, 21:40
Сурет: ШҚО ҚАЖ Департаменті

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінің директоры филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жандос Әубәкір ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ- 156/15 мекемесіне шахмат әзірлеуге өтініш білдірген.

Әлемдегі кең таралған ойын тақтасы арнайы қайың ағашынан мультикам аппараты арқылы жасалған. Ақыл-ойды дамытып, зиялылыққа жетелейтін зерделі шахмат тақтасының ұзындығы 90 см , ал ені 50 см құрайды. Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының басшысы Жандос Мағазбекұлы мекеме қызметкерлеріне алғысын білдіріп, "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейіне шақырды.

"Мекемемізге ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты ойын тақтасын жасаттыру біз үшін ұлы құрмет болып табылады. Келешекте музей қызметкерлерімен етене жақын қарым-қатынас орналастарып, Абай мұражайына барынша көмегімізді береміз", - дейді сотталғандарды еңбекпен ұйымдастыру бөлімінің бастығы әділет майоры И.С.Алпысов.

Биыл еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы Жарлығына сәйкес Абай музейінің алдында тарихи маңызға ие, ғылым мен зерде орталығы саналатын қасиетті шаңырақты одан әрі дамыту, Ұлы ақын мұрасын алыс-жақын шет елдерге насихаттау, Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде атап өту міндеттері қойылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?