Ел экономикасын дамытудың үш ықтимал сценариі әзірленді

tarlan.kz tarlan.kz
Бұл — базалық, оптимистік және пессимистік сценарий.

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ел экономикасын дамытудың үш ықтимал сценариін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр атап өткендей, сыртқы және ішкі жағдайларды ескере отырып, Қазақстан экономикасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 3 ықтимал сценарийі әзірленді.

Бұл — базалық, оптимистік және пессимистік сценарий.

"Консервативті тәсілді ескере отырып, бюджеттік жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылады", — деді Р. Дәленов.

Базалық сценарийде жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2021 жылы 2,8% деңгейінде болжанып отыр. 2025 жылы ол 4,6%-ға жетеді. Атаулы жалпы ішкі өнім 2021 жылы 76,7 трлн теңгені, ал 2025 жылы 104,8 трлн теңгені құрайды. 2021 жылы мұнай өндіру 86 млн тоннадан 2025 жылы 100,7 млн тоннаға дейін өседі. Барлық базалық салаларда оң өсім күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз