Тоқаев Мысыр, Венгрия және Шри-Ланканың елшілерін жаңадан тағайындады

Ақорда Ақорда
Лама Шариф Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді жаңадан тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтер Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Президенттің Жарлығымен:

Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз