Елді шулатқан патшалар мекені - Елеке сазынан табылған дүние мыналар екен

YK-news.kz. YK-news.kz.
Сондай-ақ қорғаннан 50 метр жерде қола мен алтын құятын ұстахана табылған.

Тарбағатай ауданындағы Елеке сазынан алтын қазына табылды. Ондағы алтын әшекейлер бұрын табылған ежелгі әшекейлерге ұқсамайды әрі қайталанбайды. Мамандар ол сонысымен де өте құнды екенін айтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары археолог әрі профессор Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен сақ қоғамының билеушісіне тиесілі ат-әбзелдерін тапты. Аталмыш жәдігердің тұсаукесері тарихи-өлкетану музейінде өтті.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған 850 алтын бұйымның барлығы салтанатты ат шеруіне арналған. Ғалымдардың бағамдауынша, қазына орта сақ сақ дәуіріне тиесілі. Шамамен б.д.дейінгі V-IV ғасырлардың еншісіндегі жәдігерлер екенін атап өткен орынды.

"Қазынаны қорғанның өзінен тапқан жоқпыз. Бұл көсемнің зираты құлшылық орны екенінен хабар береді. Көсем қайтыс болған соң осы аумақ киелі орын деп саналып, оған адамдар келіп, ата-баба рухына сыйынған. Сақтар мен кейінгі түрік тайпаларына осындай дәстүр болған. Соған байланысты біз мұнда билеуші жерленді деген тұжырым жасадық", - деді Әбдеш Төлеубаев.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-09/thumbs/1599193650_038e920e-ee97-4987-a7c3-386576da223d.jpg

Ғалымдар бұл жолы тағы бір мәрте Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның өзі біздің ата-бабамыздың бұрыннан бері мемлекеттік форма қалыптастырғанына көз жеткізді. Сонымен қатар табылған артефактілерден сақ қоғамында да бай мен кедей деп топқа бөлінгенін аңғаруға болады.

Табылған бұйымдардың бәрі аң стилінде жасалған. Тарбағатайдағы сақ ескерткіштері жәдігерлерінің технологиялық жағынан дайындалуына қарап, оның шамамен б.д.дейінгі V- IV ғасырларға тиесілі екенін аңғаруға болады.

"Ежелгі шеберлер бірін-бірі қайталамағаны көрініп тұр. Әрбір шебердің өзіндік қолтаңбасы байқалады. Барлық табылған зат мұқият жасалған. Ат-әбзелдерінің дені жұқа фольгадан әзірленген. Алтыннан тығыздалып жасалған ат-әбзелдерін бұған дейін кездестірген жоқпын", - деді Әбдеш Төлеубаев.

Ғалымдардың пікірінше, үлкен құлақты жолбарыс-пантера үлгісінде жасалған алқа ерекше қызығушылық тудырады. Мифологиялық жануардың аяғына ілінген қоңырау да бар. Сондай-ақ ғалымдарды екі шынжыр сымдағы ақық тастары бар алқа да қызықтырды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-09/1599193720_1.jpg

Тағы бір ерекше дүниенің бірі – мысық тұқымдастарға жататын мифологиялық құлақты жыртқыш аң бейнеленген алқа.

Айта кетейік, Тарбағатай сақтарының өнері біздің дәуірімізге дейінгі V- IV ғасырларға тиесілі. Табылған жәдігерлердің ерекшелігі – сапасы мен бір-біріне ұқсамайтындығында жатыр.

Сондай-ақ, ол қорғаннан 50 метр жерде қола мен алтын құятын ұстахана табылғанын атап өтті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-09/1599193809_2.jpg

Әбдеш Төлеубаевтың айтуынша, табылған жәдігерлер – бұл зерттеу жұмыстарының бастапқы нәтижесі ғана. Өйткені археологтардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстары жетерлік. Таяу арада олар 4 кіші қорғанды зерттеуге кіріседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз