Жаңалықтар тізбегі
0

Біраз елді шулатқан екі тиіннің бірі құлатылды

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2018 16:55 sn.kz
Егіншілік институты мен жергілкті шаруалардың қолдауымен тұрғызылған мүсін 1 ай да тұрмады.

Студенттер сабаннан тұрғызған кеміргіштің мүсінін сұрқы қашты деп сүріп тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, студенттер алматылық тиіннің сыңарын жасап шығарған еді, алайда түп нұсқамен салыстырғанда бұл тиін су тегін болып шықты. Конструкцияға бірде-бір теңге жұмсалмаған. Мүсін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы агросаябаққа қойылды. Туындыны 30 адам жұмылып, екі күнде бітірген болатын. Егіншілік институты мен жергілкті шаруалардың қолдауымен тұрғызылған мүсін 1 ай да тұрмады.

Күннің астында тұра берген соң алып тиін күйіп, өңі өзгере бастады дейді мамандар. Кейіннен сабандары түсіп, алқам-салқамы шыққан. Дегенмен, аз уақыттың ішінде кеміргішке ауылдықтардың көзі үйреніп қалған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: