“Сақтардың саф алтыны” Тарбағатайдан табылған құнды жәдігерлер
altaynews.kz
Қазіргі уақытта 3000-ға жуық алтын бұйым табылған.
Елеке сазы аумағындағы 3 нысанда бір ай бойы қазба жұмыстары жүріп жатыр. Айта кету керек, атқарылып жатқан істің айтулы нәтижесі де бар деп жазады Алтайньюс.
Тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтің мәлімдеуінше, Тарбағатай тауларындағы Елеке сазындағы 2 нысаннан алтын заттар табылған.
“Бұл – «Алтын адам» деген ұғымға сәйкес келетін ескерткіштердің бірі деп айтуға болады”,- дейді ғалым.
Қазіргі уақытта 3000-ға жуық алтын бұйым табылған. Болжам бойынша Сақ дәуіріндегі, яғни, б.з.д 8-7 ғасырға жататын бекзадалар мен ханшайымдарға тиесілі заттар болуы мүмкін. Әсіресе, әйел азаматтарының алтын әшекейлері, әр формадағы моншақтар және киімдеріне арналған жапсырмалар мен қапсырмалар өте көп. Сонымен қатар алтыннан соғылған ат әбзелдері де бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript