Лавров ресейлік вакцинаның Қазақстанға жеткізілуі жайына тоқталды

9 Қыркүйек 2020, 16:34
Сурет: SNG.Today

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Сергей Лавров коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның Қазақстанға жеткізілуі жайына тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Тамыз айының соңында вице-премьер Роман Скляр Мәскеуге сапармен келді, сол арада барлық мәселе талқыланды. Ортақ амалдар, әр қадамы қарастырылған практикалық келісімдер де бар. Оған жаппай екпе жүргізумен байланысты клиникалық сынақтан өткізу үшін вакцинаны жеткізу жайы да енеді, - деді Сергей Лавров ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен бірлескен баспасөз конференция барысында.

ҚР СІМ басшысы кездесу барысында ресейлік вакцинаның кепілдендірілген көлемдегі тасымалы туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды.

Тілеуберді қазақстандық ғалымдар да өз вакцинасын жасап шыққанын баса айтты.

- Олар енді тестілеуді бастайды. Біздің ғалымдар, вакинаның жаппай өндірісі ақпан айында қолға алынады деп жоспарлап отыр, - деді ҚР СІМ басшысы.

Тамыз айының соңында Ресей мен Қазақстан, соның ішінде Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "СК-Фармация" арасында Sputnik V вакцинасының кепіл берілген көлемде бөлуі туралы келісімге қол қойды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?