Тоқаев Ресей елшісін қабылдады

baigenews.kz baigenews.kz
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ қызметімен байланысты мәселелер талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың мәліметі бойынша, кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері қаралды.

Президент коронавирус індеті кезінде Ресей Федерациясының Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы елдеріміздің арасындағы екіжақты және медицина мен денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ұйымдар аясындағы, оның ішінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру шеңберіндегі қарқынды ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың маңызын атап өтті.

Кездесуде сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ қызметімен байланысты мәселелер және жоғарғы деңгейдегі ЕАЭО кездесуіне, сонымен қатар, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының алдағы саммитіне дайындық барысы талқыланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз