Жамал апаның қырқы: 6500 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

10 Қыркүйек 2020, 09:50
Сурет: видеодан алынды

Алматыдағы орталық мешіт азық-түлікке толтырылған 500 себетті қаладағы әлеуметтік аз қамтылған, жетім және көп балалы отбасыларға таратты. Алматыда ғана емес, ел аумағы бойынша 6,5 мың мың азық-түлік себеті үлестірілген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жауапты істі мешіт қызметкерлері жауапкершілікке алған. Бұл шара көзі тірісінде - халқына қайырымдылығымен танылған Жамал апаның 40 күндігіне орайластырылған.

- Жамал апа көзі тірісінде, төтенше жағдайға тап болған Арыс, Қызылағаш, Мақтарал сынды өңірлерге қолдау көрсетті. Шалғайдағы ауылдарға газ құбырларын тартқызып, 70-ке тарта отбасыға баспана кілтін табыстаған болатын. Бұл кез-келген дәулетті адамның қолынан келе бермейтін жомарттық, - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетсек, биыл 1 тамызда көпбалалы ана - Жамал апа дүниеден озды. 14 бала тәрбиелеп өсірген ақ жаулықты ана көзі тірісінде мұқтаж жандардың барлығына көмектесіп, пәтер де сатып алып беріп, 5 мешіт тұрғызып, қайырымдылық жасаудан бір тынбаған. Арыс қаласындағы жарылыстан, Қызылағаш пен Мақтааралдағы су тасқынынан, Жамбыл облысындағы табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсеткен. Сол себепті де Ақтауда Жамал апамен қоштасуға карантинге қарамастан қарақұрым халық жиналды. Оның видеосы желіде де тараған. Кейін отбасы арнайы ас ұйымдастырмағанын, ағылып келген халыққа ештеңе дей алмағандарын айтқан еді. Ал енді марқұмның қырқында Аблазимовтар отбасы ас беруден бас тартып, оның орнына еліміз бойынша көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып беруді жөн деп тапқан.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?