Елордада аз қамтылған мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тарту етіледі
Елорда әкімдігінің ресми сайтының жауынша, 6-8 наурыз аралығында «Игі істер марафоны» аясында 500-ден астам азық-түлік себетін тарату жоспарланған. Азық-түлік жиынтығына күнделікті қажетті өнімдер кіреді. Олардың арасында күнбағыс майы, ұн, күріш, жарма, қант, шай, макарон өнімдері, ет консервілері, кәмпиттер, балаларға арналған тәттілер бар. Көмек елорданың барлық төрт ауданында тұратын отбасыларға көрсетіледі.
Сурет: gov.kz
Қала әкімдігі демеушілермен бірлесіп, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясын бастады. Біз барлық мұқтаж азаматтарға арнайы тізім бойынша азық-түлік себеттерін үлестіре бастадық. Олардың арасында қарттар, I, II, III топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жалғыз басты аналар, көпбалалы отбасылар бар. Акция аясында 6-8 наурыз күндері 500-ден астам отбасыға көмектесуді жоспарлап отырмыз. Мұндай шаралар наурыз айының соңына дейін жалғасады. Айдың соңына дейін біз бір мыңнан астам отбасын қамтуды жоспарлап отырмыз. Көмек демеушілер есебінен көрсетіледі. Бұл себеттерді үйлерге әкімдік қызметкерлері, еріктілер, қарапайым азаматтар жеткізеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек
Сурет: gov.kz
Мен бес баланың анасымын, қала әкімдігі мен еріктілер тарапынан жасалған күтпеген сыйлық үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мұндай мерекеде көп балалы аналар туралы ұмытпаған жөн, бұл күтпеген және жағымды жағдай. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық аналарды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтағым келеді!Көпбалалы ана Арайлым Арипова
Сондай-ақ, қалалық әкімдік өкілі әйелдерді құттықтап, елорданың жанашыр азаматтарына үндеу жолдады.
Сурет: gov.kz
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі нәзік жандыларды келе жатқан мерекемен құттықтайды, сондай-ақ жанашыр азаматтарды осы акцияны қолдауға, азық-түлік себетін жинауға және оны мұқтаж отбасыларға жеткізуге шақырады. Қуаныш Молдабек
Мерекелік себетке ие болған өзге тұрғындар да ризашылықтарын білдірді. Бүгін – 6 наурыз-азық-түлік себеттері 300-ден астам отбасыға жеткізілді, қалғандары жақын күндері беріледі. Жеткізу барысында санитарлық нормалар толықтай сақталады.
Сурет: gov.kz
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «Игі істер марафоны» аясында елорданың мұқтаж тұрғындарына 15 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.