Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда азық-түлік арзандай бастайды

Азық-түлік бағасы, қымбатшылық, Алматыдағы шағын дүкендер, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 12:50 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі үй жанындағы азық-түлік дүкендерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтеруіне мониторинг жүргізе бастайды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Өкінішке қарай, үйдің жанындағы дүкендердің бағаны негізсіз көтеруі фактілері бар, бұл туралы ақпарат келіп түседі. Мұндай кезеңде алыпсатарлықпен айналысу өте орынсыз деп санаймын.Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев

Осыған байланысты, қала әкімі орынбасары М.С. Қиқымовқа, кәсіпкерлік басқармасына, аудан әкімдеріне 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау бойынша құқық бұзушыларды анықтап, олардың деректерін шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберуді тапсырды.

Жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдап, күн сайын осы мониторингті жүргізу қажет.Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 3,5 мыңға жуық дүкен жұмыс істейді.

Өткен аптадан бастап «Алматы» ӘКК» АҚ ӘМАТ-ты үй жанындағы дүкендерге тікелей жеткізу бойынша жұмысты бастады. Өндірушілерден тікелей 67 тонна өнім (нан, жұмыртқа, бакалея, күріш, қант және күнбағыс майын қоса алғанда) жеткізілді.

Көтерме жеткізілімге тапсырыстар жедел желі телефоны бойынша қабылданады: +7 707 787 95 35.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасы сауда желілеріне «айналым» жеңілдікті қарыздарын бөлу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бөлінген қаражат есебінен «Магнум» желісінде ӘМАТ-тың барлық 19 атауы төмендетілген бағамен және «Тоймарт» желісінде 12 ӘМАТ (ұн, нан, рожки, күріш, тауық еті, айран, сүзбе, сары май, тұз, күнбағыс майы, картоп, пияз) сатылуда. Орташа алғанда, екі желіде көкөністердің (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) бағасы нарықтық бағадан 30-50%-ға төмен, ет өнімдері (сиыр еті, тауық еті, жұмыртқа) 10-15%-ға, азық-түлік 10-30%-ға төмен.

«Алматынан» ЖШС-мен нанның босату бағасын 85 тг/бөлке деңгейінде белгілеу, 1,8 мың тонна күнбағыс майын 585 тг/шөлмекке және 700 тонна қарақұмық жармасын 500 тг/кг («Стандарт Продактс» ЖШС) қаланың сауда желілеріне жеткізу бойынша меморандумдар жасалды.

7 азық-түлік базарында (Көк базар, «Ақбұлақ» (көтерме сауда), «Сары-Арқа», «Тастақ», «Таусамалы», «Алматы-1», «Түркісіб» жәрмеңкесі) көкөніс және бакалея өнімдері базар бағасынан 1,5-2 есе төмен бағамен сатылады.

«Ет дүкендері» 5 базарда іске қосылды («Жұлдыз», «Орбита», «Таусамалы», «Арыстан» және «Тастақ»), онда сиыр еті 2050 тг/кг (нарықтық бағадан 20% төмен) сатылады.

Әкімдіктің хабарлауынша, Павлодар (барлығы 6,5 мың тонна картоп пен сәбіз), Алматы (250 тонна қырыққабат) және Жамбыл облыстарынан (1,5 мың тонна пияз) көкөністерді тікелей жеткізу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қала әкімі зардап шеккен кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: