Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада құрбандық мал еті мен 1000-нан астам отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

Қайырымдылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 18:48 Сурет: Zakon.kz
Астана әкімдігі "Құрбан айт" мерекесі қарсаңында "Игі істер" марафоны аясында демеушілер мен еріктілердің көмегімен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада қайырымдылық шарасында 1000-нан астам отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Азық-түлік жиынтығын таратуда еріктілер мен белсенді азаматтар көмек көрсетіп жатыр. Қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысының айтуынша, елордада тоқсан сайын мұқтаж жандарға көмек көрсетілмек.

"Қала әкімдігі жыл басында Qazaq oil-мен меморамдумға отырып, тоқсан сайын мұқтаж жандарға көмектесуді көздеп отыр. Осы жолы азық-түлік себетінің жанына құрбандыққа шалынған мал етінің бір бөлігін қосып беретін боламыз. Құрбан еттерінің үштен бір бөлігін елорда тұрғындары, оның ішінде мұқтаж жандарға тарату көзделген болатын. Тұрғындар тізімі қалалық және аудан әкімдіктеріне түскен өтініштер бойынша жасалады. Мұндай сауапты істе көмектесіп жүрген барлық жандарға алғыс білдіремін. Құрбан айт мейрамы құтты болсын!", - деді басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.


Нұрдәулет Әлмұханов, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 18:48

Сурет: Zakon.kz


Елордада 180 мыңнан аса әлеуметтік аз қамтылған отбасы бар. Биыл осы санаттағы 4 мың отбасыға азық-түлік себетін тапсыру жоспарланған. Игі істің басы-қасында жүрген қала әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек өз сөзінде соңғы 4 жылда осындай 30-ға жуық қайырымдылық шарасы өткені туралы айтты.

"Бүгінгі іс-шара дәстүрлі "Игі істер" марафоны аясында өткізіліп отыр. Себетте әлеуметтік маңызды азық-түліктер мен үй шаруашылығына қажетті заттар бар. Бір қорап шамамен 40 келідей. 2019 жылдан бері 30-ға жуық осындай игі іс жасалды. Осы орайда барлық елорда тұрғындарын қайырымдылық жасауға шақырамын. Құрбана айт баршамызға құтты болсын!, - деді қала әкімінің кеңесшісі.


Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 18:48

Сурет: Zakon.kz


Азық-түлік себеттері тізімдегі мекенжайлар бойынша таратылады. Елордаға 2008 жылы Леңгірден көшіп келген Гүлбина Көшербаева қайырымдылық жасап жүрген барлық жандарға алғысын білдірді.

"Бізге көмек қөрсетіп жатқандарыңызға өте қуаныштымыз. Менің 5 балам бар. Үйде жолдасым ғана жұмыс істейді. Бұл азық-түлік себеті біздің отбасымызға үлкен көмек. Қазір бір келі шекердің өзі 625 теңге тұрады. Қымбатшылық заманда азық-түлікке көп ақша кетеді. Қазір үй кезегінде тұрмын. Бізге көмектесіп жатқан қала әкімдігі, одан кейін Байқоңыр аудан әкімдігі мен еріктілерге алғысымды айтамын!", - деді Гүлбина Көшербаева.

Астанада 20 жылдан бері тұрып жатқан Гүлнарайым Мырзабекова қала әкімдігі әрқашан көмек қолын созатынын айтты.Айта кетейік, иг іс ертең де жалғасады.


Қайырымдылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 18:48

Сурет: Zakon.kz


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: