Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында бір үйір жылқысын іздеп шыққан фермер өлі табылды

Атырау облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 23:02 Атырау облыстық ПД
Күдікті ұсталды.

Бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен фермер Нұралы Нұртілеуов өлі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 4 қыркүйек күні таңертең Жылыой облысы, Құлсары қаласынан 100 шақырым жерде, 15-20 метр тереңдіктегі терең шұңқырдан жоғалған адамның денесін тапты. Қазіргі уақытта күдікті, бұрын сотталған 1982 жылы туылған Құлсары қаласының тұрғыны ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы - "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның барысында қылмыстың себептері анықталады, - дейді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

6 қыркүйекте Жылыой ауданының тұрғыны, 47 жастағы Нұралы Нұртілеуов жоғалған бір үйір жылқысын іздеуге шығып, содан жоғалып кетті. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, волонтерлер мен құтқарушылар жұмылдырылды.

12 қыркүйекте жоғалып кеткен адамның туыстары Жылыой ауданы әкімдігінің ғимаратына жиналды. Сөйтіп өз туысын сол өңірдегі танымал мал ұрысы өлтірді деген сенімде екенін жеткізген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: