Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жаңаөзенде тастанды сәби табылды

Қазір полицейлер көкек ананы іздестіріп жатыр.

Сурет : lada.kz15 Қыркүйек 2020, 09:20

Жаңаөзенде жер үйдің ауласынан тастанды сәби табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шақалақтың жылаған дауысын естіген "Рахат" шағын ауданы тұрғындары бірден жедел жәрдемге хабарласыпты. 31 градус температурамен ауруханаға жеткізілген нәрестенің кіндігі өрескел кесілген, дейді дәрігерлер. Баланың салмағы 2 келі 740 грамм және бойы 49 сантиметр.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда нәресте қарқынды терапия палатасында. Жағдайы "тұрақты-ауыр" деп бағаланып отыр. Оған ылғалданған оттегі берілуде, өздігінен дем алады. Сәбидің қай жерде дүниеге келгені және қанша күндік екені белгісіз. Қазір полицейлер көкек ананы іздестіріп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер