Шығыс Қазақстан облысында ауқымды іздестіру шарасы аяқталды: бала табылды

Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында үш жасар бала табылды. 24 шілдеден бері оны полицейлер, құтқарушылар, еріктілер мен қамқор тұрғындар іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Криминалдық полиция қызметкері Айдар Дүйсенбаевтың жедел іздестіру шарасының нәтижесінде жоғалған 3 жасар Әділхан Сейсембай тұрғылықты жерінен 3 шақырым жердегі алқаптан табылды. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Бала қазір ата-анасымен үйде.
Бұған дейін ауқымды жедел-іздестіру шарасы басталғаны хабарланған болатын. Ауылдың аумағы 16 секторға бөлініп, әрқайсысы мұқият тексерілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript