Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ойыл өзені тартылды. Халық малға шөп таппай отыр

Ойыл – Каспий теңізі алабына жататын өзен. Ұзындығы 800 шақырым.

Сурет : видеодан кадр16 Қыркүйек 2020, 11:44

Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда... Атын әнге қосқан Ойыл өзені жойылып барады! Ақтөбе облысындағы өзен аттас тұтас бір ауданының тұрғындары осылай дабыл қағып отыр. Мәселеге қазірден ден қоймаса, Ойылды жағалай орналасқан ел үдере көшпекші, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Мынау қырдың бәрін су алып жататын.. қазір осындай болып үзіліп қалған. Жыланбас деген жері Ойылдың. Иісі сасып, балықтары қырылып жатыр...".

Ойылдың түбі ойылып, саязданып бара жатқанына елдегі жұрт алаңдаулы. Биыл да су жарытып тасымапты. Су болмаған соң, көк те шықпаған. Бұл әсіресе, малмен күнелтіп отырған ауылдықтарға оңай соқпай тұр.

– Дым су жоқ. Лиманға шығатын судан дым қалған жоқ. Елдің бәрі қаңғып, әрбір жерден шөп шауып жүр. Келешекте Барқын кетсе, су қалмайды. Халық су болмағасын қайда барады, бәріміз қаңғып кетеміз шығар?! Сол қаңғымай тұрғанымызда, халықты ойлап, қазіргі заманға сай жағдай жасаса деп ойлаймыз, – дейді Қаратал ауылының тұрғыны Ерсұлтан Максимов.

Өзенді жағалай қонған ел жаз жауын-шашынның мол түсуін тілегенімен, нәтиже болмапты. Ойылдың қазіргі жағдайы осы - деп түбі көрініп, құрғап жатқан орнын көрсетті. Ауылдың байырғы тұрғындары мәселені әлі де болса реттеуге болатынына сенеді. Бар үміті- мына плотина. Өзен арнасынан асып-тасуы үшін қондырғыны ашып-жабу уақытын реттеу керек дейді. Бұрындары күзден көктемге дейін жабық тұратын плотинаны биыл сәуірде тоғыз күнге әрең жаптырғандарын айтты.

– Мына жоғарыға су жиналса, плотинаны жартылай ашсақ, ала жаздай Атырау да сулы болады, ал мынау қазір ашық тұр. Ертең судың өсетін уақыты, жаңбыр, қар суы. Ол кешегі кеуіп кеткен Миялыдан, Шұбаршидан әрі қарай кеуіп кеткен, су деген сіңіп кетеді жерге. Одан пайда жоқ! Мынаны майдың 30-на шейін суға толтырып, содан кейін ашсақ, бітеліп жатқан жерлердің көзін ашады бірінші судың напоры, – дейді Қаратал ауылының тұрғыны Серікқали Құлтеміров.

Тұрғындардың жанайқайын жергілікті шенділер де біледі. Олар да жауапты мекемелерге хат жазып жатқандарын айтты. Аудандық әкімдіктегілер экологиялық ахуалдың неден туындағынын былай болжайды:

Аслан Кенжебаев, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары:

Жауын-шашын күзгі, көктемгі мезгілдердегі мөлшерінің аз болуы, қыста тоңның болмауы деп болжамдап отырмыз. Қазіргі таңда енді сол аудан әкімі тарапынан хат жазып жатырмыз экологиялық ұйымдарға.

Ойыл – Каспий теңізі алабына жататын өзен. Ұзындығы 800 шақырым. Бастауын Жем үстіртінен алады. Әлеуметтік желіде Ақтөбе ғана емес, көрші Атырау облысының тұрғындары Ойылдың Атырау облысындағы сағасында "балық қырылып жатыр" деп дабыл қаққаннан кейін барып, жауапты мекемелер мәселеге назар аудара бастапты. "Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" мекемесінің мамандары Ақтөбе облысына экспедиция жіберген.

Ғалидолла Әзидуллин, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі "Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" ММ басшысы:

Бұл табиғи құбылыс, терминмен айтқанда, "маловодный цикл" болады. Ақтөбе облысында немесе басқа жерде суды бөгеп тастап, суды жібермей отыр деген мәселе болса- ондай біз шара қолдануымызға болатын еді - заңдылығы болсын, заңсыздығы болсын, біз тексеріп айта аламыз. Ондай факт жоқ, арнасы оның таза. Ал бірақ, өзеннің арнасында еш сооружение жоқ, суды бөгеп, төменге жібермей тұратындай.

Мекемедегілер де өзеннің проблемасы қыстың қарсыз, жазда жауын-шашынның болмауынан деп отыр. Енді екі облыстың аудан әкімдеріне хат жолдап, Ойыл өзеніге құятын кішігірім өзендерді түгендеп, сай саладағы бұлақ көздерін ашуға, өзен арналарын тазартуға қолқа салмақшы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер