Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 21:21 Сурет: видеодан алынды
Ойыл ауданындағы Қаратал ауылының айналасына тізілген құм қаптар Ойыл өзені деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан елдімекеннің батыс бөлігіне лап берген суға төтеп бере алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылды су басу қаупі бар.

"Облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен облыстық ТЖД бастығы қазір оқиға орнында. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды Қаратал ауылындағы мектепке эвакуациялау, сондай-ақ шайылған аумақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде", делінген хабарламада.

 Су кірген Қаратал ауылына Ақтөбе қаласы мен жақын аудандардан ТЖД-ның қосымша күштері мен құралдары жіберілгені де нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: