Жаңалықтар тізбегі
0

Темекі бұйымдарын таңбалаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Depositphotos, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 20:06 Depositphotos
Акциздік маркалар болмаған жағдайда, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 283-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық қолданылатын болады.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі "Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" қаулысына сәйкес темекі бұйымдарын міндетті түрде таңбалауға 2020 жылғы 1 қазаннан бастап құрамында темекі бар фильтрлі өзге де сигареттер және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап стиктер, сигаралар, сигарилдер, қыздырылатын темекі сияқты темекі өнімдерінің өзге де түрлері жатады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен бірге темекі өнімдерінің қалдықтарын таңбалау көзделмеген. "Темекі өнімдерін таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қаржы министрі бұйрығының жобасына сәйкес темекі өнімдерінің қалдықтарын жыл бойы 2021 жылғы 1 қазанға дейін фильтрлі сигареттерді және 2022 жылы 1 сәуірге дейін темекі өнімдерінің өзге де түрлерін өткізуге болады.

Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу мынадай мерзімдерге сәйкес кезең-кезеңімен көзделген:

I-кезең. 01.10.2020 жыл. Темекі бұйымдарын міндетті таңбалауды іске қосу және оларды бөлшек саудада өткізу кезінде айналымнан шығару.

Бірінші кезеңнің қатысушылары өнімге эмиссияны және таңбалау кодтарын енгізуді жүзеге асыратын темекі өнімдерін өндірушілер/импорттаушылар, сондай-ақ бақылау-касса машинасының көмегімен темекі өнімдерін сатуды жүргізетін бөлшек сауда буыны болады. Бұл ретте құжаттармен жұмыс істеу функционалы (қабылдау /беру актісі, хабарлама) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы ақпараттық жүйесінің Web-қосымшасында қолжетімді болады және айналымның барлық қатысушылары ерікті негізде пайдалана алады.

Сондай-ақ, таңбаланған өнімді тегін мобильді қосымшаның көмегімен шығаруға болады.

Таңбаланған темекі өнімдерін өткізу және есептен шығару үшін Data Matrix кодын оқитын 2D сканерді орнату қажет, бұл ретте 2D сканерінің құны 25 мың теңге және одан жоғары.

Сонымен бірге, цифрлық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабына сәйкес акциздік маркалар бойынша бақылау жүзеге асырылатынын атап өтеміз.

Бұл ретте, акциздік маркалар болмаған жағдайда, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық қолданылатын болады.

II-кезең. 01.01.2021 жыл. Тауарлар айналымына барлық қатысушылардың міндетті негізде қадағалануы шеңберінде құжаттарды жазып беруі.

Кезеңділік "Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысымен де көзделген.

Сонымен қатар, бірінші кезеңде қадағалау шеңберінде құжаттарды жазып беру кезінде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: