Алматы полициясы түн ортасында жаппай футбол тамашалап отырған топ адамның үстінен түсті

Polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2020 20:51 Polisia.kz
Құқық бұзушылардың әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік материалдар толтырылды.

Алматы қаласының полиция қызметкерлері “Football Land” мекемесіне түн ортасында кіріп барып, тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қатаң карантиндік шектеулерге қарамастан мұндағы тірлік қызу жүріп жатқан.

– Карантиндік шаралардың күшейтілуіне қарамастан түн ортасында бұл мекеменің жұмыс істеуі - мекеме басшылығының жауапсыздығының шыңы. Өйткені олар көптеген адамның бір жерге шоғырлануына жағдай туғызған. Атап айтқанда, 20 адам екі шағын алаңда футбол ойнап жатқанда, т ғы 50-ге жуық адам жазғы алаңда футбол матчының трансляциясын тамашалап отырған. Сонымен қатар, мұнда келушілердің барлығында маска болмаған, әрине, әлеуметтік қашықтықты сақтау жайына тоқталудың өзі артық, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Құқық бұзушылар, оның ішінде мекеме қызметкерлері Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеткізілді, онда әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік материалдар толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: