Маңғыстауда жүк пойызы жеңіл көлікті іліп кетті

Лада, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2020 20:59 Лада
Көлік жүргізушісіне қатысты кодекстің "әкімшілік құқықбұзушылық" туралы бабына сәйкес хаттама толтырылды.

Маңғыстауда жүк пойызы жеңіл көлікті іліп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы 9 наурызда Батыр ауылындағы теміржол торабында болған.

Nissan Teana автокөлігінің жүргізушісі жақындап қалған жүк пойызын байқамаған. Соның кесірінен тауар тиелген вагон көлікті жанап өтіп, темір тұлпар арыққа түсіп кеткен. Аталған өткелде жол белгілері орнатылған. Көлік жүргізушісіне қатысты кодекстің "әкімшілік құқықбұзушылық" туралы бабына сәйкес хаттама толтырылды", – деп атап облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: